ТҮРКІСТАН: Ордабасыға 3000 тоннадан астам жанармай бөлінді

0
458

Мал азығын дайындаушы шаруа қожалықтарға қосымша жанармай қаралған.


ТҮРКІСТАН: Ордабасыға 3000 тоннадан астам жанармай бөлінді

Ордабасы ауданына 3250 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай (дизель отыны) бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облыстық ауылшаруашылық басқармасынан күзгі дала жұмыстарына байланысты Ордабасы ауданына 3250 тонна жанар-жағармай бөлді.


Жанармайды жергілікті шаруаларға тиесілі дәрежеде тарату мақсатында 2 жанармай («Ай бегім» ЖШС және «Сити Ойл» ЖШС) таратушы оператор бекітілген.


Сондай-ақ, негізгі жанармай көлеміне қоса мал азығын дайындаушы шаруа қожалықтарға 520 тонна жанармай бөлініп отыр.


Айта кетейік, жанармай алуға өтінішті тиесілі ауыл округтерінің әкімшіліктеріне қалдырсаңыз болады.