ТҮРКІСТАН: Ордабасылық оқушы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады

0
102

Ол IT саласын таңдап, отандық жоғары оқу орнына түсуге бел буып отыр.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық оқушы ҰБТ-дан 140 ұпай жинады

Ордабасылық оқушы ҰБТ-дан ең жоғары 140 ұпай жинады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылының Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Жәнібек Әбілхан Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең алғашқы 140/140 ұпай иегері атанды!


Жәнібек 10-сыныптан бейінді пәндерін таңдап, дайындығын бастаған. Информатика пәніне бұрыннан қызуғушылығы бар. Ол IT саласын таңдап, отандық жоғары оқу орнына түсуге бел буып отыр.


Ол 1 сыныптан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді. Мектеп-гимназия директоры Исанова Сәуле Егембердіқызы. Сынып жетекшісі Бортай Гүлзира Ағабекқызы.


Көпбалалы отбасынан (5 бала) шыққан Жәнібек үйдің 2-баласы. Ол үздіксіз дайындық, сапалы білімнің арқасында мұндай жетістікке жетіп отыр.

Бөлісу