ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын көлік тіркемесін дайындайды

0
699

Жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін әзірлейді.


ТҮРКІСТАН: Ордабасылық тұрғын көлік тіркемесін дайындайды

Ордабасылық тұрғын жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін дайындайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Ордабасы ауданында жеке кәсіп ашып, өз ісін жандандырып келе жатқан кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі - Бөржар елдімекенінің тұрғыны Нұрсұлтан Ысқақов. Ол 2022 жылы «Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, қайтарымсыз грант ұтып алған.


Қазіргі таңда кәсіпкер дәнекерлеу цехын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Цехта 3 адам жұмыспен қамтылған. Айына 100 келіден 700 келіге дейінгі салмақты көтеретін түрлі көлемде 15 көлік тіркемесін дайындап шығарады. Осылайша жылына 90-ға жуық көлік тіркемесін әзірлейді.


Айта кетейік, кәсіпкердің өндіретін бұйымдарына өңіріміздің әр өңірінен сұраныстар түсуде.