ТҮРКІСТАН: Отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр

0
720

Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті.


ТҮРКІСТАН: Отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсетіліп жатыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою – басты мақсат екенін айтты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін оңтайлы шешу жөнінде ZOOM конференциясы арқылы кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасары С.Қалқамановтың төрағалығымен өткен жиынға Қазақстандағы ЮНФПА халықтың қоныстануы мен дамуы және гендер жөніндегі бағдарламалардың ұлттық үйлестірушісі Молдақұлова Ғазиза, ЮНФПА ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова, «REFRAME» тұлға дамыту орталығының директоры Вероцкая Гүлжан, "Сана сезім" әйелдер бастамасы құқықтық орталығының басшысы Хасанова Шахноза, Түркістан облысы "Көмек" баспанасы бар мемлекеттік дағдарыс орталығының басшысы Жусупова Малика қатысты.

"Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өте өзекті.Түркістан облысында отбасында зәбір көрген азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұрын бұл өткір мәселемен "Отбасы, балалар және жастар басқармасы" ғана айналысса, қазіргі таңда отбасы ахуалы және балалар арасындағы құқық бұзушылықты реттеуді облыстағы үш басқарма қолға алған. Біз ашық диалогқа әрқашан дайынбыз. Өңірде отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі бір орталық ашумен шектелмейді. Бұл жайтқа стратегиялық тұрғыдан қарап, яғни проблеманың түп-тамырын жоюға күш салуымыз қажет", - деді С.Қалқаманов.