ТҮРКІСТАН: Отырарда 900 орындық мектеп биыл пайдалануға беріледі

0
1 250

Үш қабатты нысан 3 корпустан тұрады.


ТҮРКІСТАН: Отырарда 900 орындық мектеп биыл пайдалануға беріледі

Түркістанда биыл 900 орындық мектептің құрылысы бітіп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Білім ошағы жаңадан құрылып жатқан Отырар мөлтек ауданында салынып жатыр. Өткен жылдың соңында құрылысы басталған нысанда бүгінде 60 пайыз жұмыс аяқталған. Мердігер мекеме нысанды жоспарланған мерзімінен бұрын пайдалануға береміз деп отыр.

900 балаға лайықталып салынып жатқан мектептің бүгінде қабырғалары толық қаланып, іші сыланып біткен. 3 қабатты нысан 3 корпустан тұрады. Оның екеуі оқу ғимараты болса біреуі асхана мен спорт зал. Одан бөлек, мектеп жанында қыздарды тігін тігіп, кесте тоқуға ал, ұл балдарды қолөнер бұйымдарын жасауға баулитын шеберхана бар. Қабырғалары кірпіштен қаланған мектептің қазір шатыры жабылып, едендері тегістелуде. Енді 1-2 күнде әктеп сырлау жұмыстары басталмақ.

Құрылысты ерте аяқтау үшін мердігер мекеме жұмыс жүйесін өзгерткен. Соған сәйкес мұндағы құрылысшылар сағатпен санаспай жұмыс істейді. Қанша көп еңбек етсе сонша көп жалақы алады. Мұндағы жұмысшыларға әр 15 күн сайын айлық беріледі екен. Айтып өтейік, бүгінде мектеп құрылысын уақтылы аяқтау үшін 120-дан астам жергілікті азамат жұмылдырылған.

Түркістандағы Отырар мөлтек ауданындағы балалар қазір жақын маңдағы мектептерге қатынап білім алады. Егер осы мектептің құрылысы бітіп пайдалануға берілсе, сол балғындардың барлығы жақын жердегі мектепте оқитын болады.