Аудан аумағындағы 26 елді мекен 7 секторға бөлінген.
Отырар ауданында дезинсекциялық шаралар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отырар ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары сәуір айында басталды. Аудан аумағындағы 26 елді мекен 7 секторға бөлініп, жұмыстар тұрақты атқырылып жатыр.
Сырдария өзені мен Көксарай, Шеңгелді, Маяқұм, Ешкіқора, Көлкудық елді мекендері тұсынан суға 7 рет бактериологиялық «Бактицид» дәрісі құйылды. Залалсыздандыру шараларына 15 арнайы техника, 4 қайық жұмылдырылды.
Шәуілдір, Көксарай, Маяқұм, Балтакөл, Аққұм, Қоғам, Қарғалы, Талапты, Отырар, Темір ауылдық округтерінде баръерлік залалсыздандыру жұмыстарына «Кардинал КЭ» дәрісі қолданылуда. Қазіргі таңда залалсыздандыру жұмыстарына 12 техника жұмылдырылған. Дезинсекциялық шаралар тұрақты түрде жалғасады.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысында шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралармен Сырдария өзені, сондай-ақ, Түркістан, Арыс қалалары және Отырар, Шардара, Сауран аудандары қамтылды.