Басым бағыттарға жеке-жеке тоқталды.
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер - Құдайберген Ержан Төлепұлының қатысуымен Түлкібас ауданы "Келтемашат" бастауыш партия ұйымы мүшелерімен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Кандидат Ержан Төлепұлы кездесу барысында сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарға жеке-жеке тоқталып, партия мүшелеріне таныстырып өтті.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар мен тілектер түсіп, олар қарауға жіберілетін болды. Жиын соңында депутаттыққа үміткер "Келтемашат" бастауыш партия ұйымы мүшелерін сайлау күнінде "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді