Қазір қызметтік тергеу жұмыстары жүргізілуде.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облысы Мақтарал аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары пара беру кезінде қолға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бұл ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі де растап отыр. Құрықталған ішкі істер қызметкеріне қолхат арқылы бұлтартпау шарасы туралы санкция берілген.
"Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және ҰҚҚД қызметкерлерімен арнайы іс-шаралар жүргізу барысында пара беру үстінде Мақтаарал АПБ бастығының орынбасары ұсталды. Қазіргі кезде Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ал Түркістан облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы осы жәйтке байланысты қызметтік тергеу амалдарын жалғастырып жатыр,"- деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.