Сондай-ақ 32 мынан астам азаматқа жүргізуші куәлігі берілді және басқа да қызметтер көрсетілді.
Түркістан облысы ПД-нің процессингтік орталығы 160 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі таңда Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік Полиция басқармасының процессингтік орталығының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығымен (Түркістан, Сайрам, Сарыағаш, Ордабасы және Мақтаарал аудандары) бірлесіп Мемлекеттік қызметтің үш түрін көрсетеді.
2019 жылдың 11 айында процессингтік орталығының құрылымымен 161726 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде көлік құралына 66268 тіркеу куәлігі берілді, оған қоса 55902 көлік құралы есептен шығарылды, 4460 автомобиль есептен шығарылды, 32180 азаматқа жүргізуші куәлігі берілді және басқа да қызметтер көрсетілді. Сонымен қатар, қызмет көрсетілген кезеңде азаматтардан арнайы ХҚКО-на келіп түскен 5807 өтініш, түрлі кемшіліктерге байланысты қайта қайтарылды.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға Мемлекеттік қызметтерді алу үшін Түркістан қаласында орналасқан "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіне алатынын еске салады. Мәселен, Көлік құралын тіркеу куәлігі мен Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алу үшін Мемлекеттік корпорацияның қызметкері қажетті құжаттар пакетін қабылдайды, электрондық өтінішті қалыптастырады құжаттарды сканерлейді және 20 минут ішінде құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Қалыптастырылған электрондық өтініш пен сканерленген құжаттар автоматты түрде уәкілетті органның "Автомобиль" Автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйесіне» 5 минут ішінде жіберіледі. Процессинг орталығының қызметкері электрондық өтінімді және сканерленген құжаттар топтамасын алған кезде ұсынылған құжаттардың толықтығын және иесінің деректерін немесе оның көлік құралы деректерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ІІО ақпараттық ресурстары бойынша деректерінің болуын 15 минут ішінде тексереді. Содан кейін орталық операторы көлік құралын тіркеу куәлігін дайындайды және Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне береді, ол өз кезегінде 10 минут ішінде КҚТК мен МТНБ (мемномер) көрсетілетін қызметті алушыға КҚТК мен МТНБ беру тізіліміне қол қойғызып береді.