ТҮРКІСТАН: Полиция қызметіне 100-ге жуық бос орындар ұсынылды

0
1 425

​«Ашық есік» күні Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Арыс, Келес, Ордабасы АПБ-де өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Полиция қызметіне 100-ге жуық бос орындар ұсынылды

«Ашық есік» күнінде ішкі істер органы қызметіне орналасу тәртібі түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ішкі істер органы қызметіне орналасуға ниеті бар жас талапкерлер аудандар бойынша полиция басқарма, бөлімдеріне барып, қажетті кеңестерін алуда. Қолдарына дипломын алған жас мамандарға жол ашқан бүгінгі «Ашық есік» күні Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Арыс, Келес, Ордабасы АПБ-де өткізілді.

Аталған шараға жас мамандармен қатар жоғарғы оқу орындарының бітіруші түлектері де белсенді қатысты. Облыстың ішкі істер органы қатарындағы 100-ге жуық бос орындарына орналасу тәртібі жан-жақты түсіндірілді.

Үш ауданның да кадр саясаты тобының полицейлері «Ашық есік» күнінде ішкі істер органы құндылықтарын насихаттаумен қатар, қызметке орналасуға қажетті критерилер жазылған брошюралармен қатар, кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Ашық есік күндері облысымыздың барлық аудандарында өткізілуде. Іс-шараға келген қызметке тұруға үмітті әрбір азаматтың бойынан Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен еңбекқорлық қасиеттері байқалды. Бұл да полицей болуға ынтасы мен талабы бар талапкерлерге қажетті қасиеттердің бірі. Жалпы облысымыз бойынша 100-ге жуық бос орындары болса, оларға ниет білідіргендер саны оданда көп. Ашық есік күніне қатысқан әрбір азаматтың аты-жөндері тіркеліп, болашақта конкурс жарияланған сәтте олар міндетті түрде ескерілетін болады.», - деді ТО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі М.Асқаров.

Сонымен қатар, кадр мамандарының айтуы бойынша қызметкерлерге берілетін жалақының өсуі мен жас мамандарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету жолдары да қарастырылыпты.

Ішкі істер органы қызметі үлкен жауапкершілік жүктеумен қатар біліктілікті де талап етеді. Ал, өз кезегінде білікті мамандардан мықты кадрлардың шығатыны ол ақиқат.

Жалпы, ішкі істер органы лауазымының үдесінен шығу да оңай емес. Кәсібилік пен заң тұрғысынан сауаттылықты қажет етеді. Оған қоса физикалық тұрғыда мықты болуы қажет.