ТҮРКІСТАН: Рашид Абатұлы жеңімпаздарды марапаттады

0
674

Шаһар басшысы белсенді студенттердің алдағы уақытта ҚР Президентінің алғыс хатына ұсынылатынын атап айтты.


ТҮРКІСТАН: Рашид Абатұлы жеңімпаздарды  марапаттады

Бүгін қала әкімі Рашид Аюпов "Үздік педагог-2020" байқауында жеңімпаз атанған М. Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсыкүл Жүрсінбайқызына және "Қазақстан республикасы колледждерінің "Топ 100 студенті" қатарына еніп, жеңімпаз атанған студенттерге алғыс айтып, сый-сияпатын білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Сіздердің рухани астанамыздың атын шығарып жатқандарыңыз туралы жаңалықты естіп қуанып қалған жайымыз бар. «Үздік педагог» атану сіздің 30 жылға жуық білім саласындағы елеулі еңбегіңіздің арқасы деп білемін. Бұл марапат өзге мұғалімдерге де стимул болары анық. Біздің жастарымыз елімізде осылай белсенділігімен танылып жатқанына қуаныштымыз. Сіздердің «Асар» волонтерлар ұйымында мүше, одан бөлек қала төңірегінде апта сайын эковолонтер ретінде Түркістанды таза қалаға айналдыруға қосып жатқан үлестеріңіз де бар. Оқу орнында да белсенді, пандемия кезінде де тұрғындар денсаулығы үшін және Мақтааралдағы жағдайда да сіздердің қолғабыс тигізгендеріңізден хабардармыз. Баршаңызға алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Жолдарыңыз ашық болсын!, - деген Рашид Абатұлы жастардың алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, шаһар басшысы белсенді студенттердің алдағы уақытта ҚР Президентінің алғыс хатына ұсынылатынын атап айтты. Одан өзге, колледж басшыларына да қала әкімі атынан алғыс хаттар берілді.