Екпеден кейін қалыптасқан иммунитет біраз уақыттан кейін төмендей бастайды.
Түркістандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен толық қамтылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінгі таңда түркістандықтар коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен толық қамтылды. Ал, екпенің II компонентін алғандар саны - 1036792 адамға жетсе, 64993 азамат ревакцинацияланды.
«Бүгін өзім де ревакцинация алдым. Тұрғындарды екпенің үшінші кезенің салдырып, қауіпті індеттен сақтануға шақырамын», - дейді Түркістан қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Абдішүкір Егізбаев.
Медицина қызметкерлерінің айтуынша, вакцинаның екі компонентін салдырған адамның ағзасында ковидке қарсы антиденелер қалыптасады. Бірақ, екпеден кейін қалыптасқан иммунитет біраз уақыттан кейін төмендей бастайды. Ал, ревакцинация ағзада қалыптасқан иммунитетті қайта қалпына келтіріп, инфекциядан қорғану жүйесін арттырады. Сондықтан үшінші кезең бойынша екпе алатындарға бір ғана дозадан вакцина салынады.
Айта кетейік, үшінші доза алғашқы екі дозадан кейін 6 ай өткен соң салынады.