ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында 600 орынды жайлы мектеп салынып жатыр

0
477

Оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қауіпсіз білім ордасы болмақ.


ТҮРКІСТАН: Сайрам ауданында 600 орынды жайлы мектеп салынып жатыр

Сайрам ауданында 600 орындық жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округінде жаңа білім беру нысаны салынуда.


600 орындық білім ошағының құрылысы 2023 жылы басталған. Бүгінде құрылыс алаңында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Жобаның тапсырыс берушісі – "Samruk-Kazyna Construction" АҚ. Мектеп заманауи стандарттарға сай салынып, оқушылар мен ұстаздарға жайлы әрі қауіпсіз білім ордасы болмақ.


Аудан әкімі Арман Сәбитов нысан алаңына арнайы барып, құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы жауаптыларға мектептің құрылыс жұмысы сапалы әрі мерзімінде аяқталып, инженерлік инфрақұрылымдардың толық жүргізілуін міндеттеді.


Аталған мектепте кең әрі жарық сынып бөлмелері, жаңа технологиямен жабдықталған пән кабинеттері, спорт және акт залы, ІТ сынып, кітапхана, медициналық кабинет және асхана мен қауіпсіздік жүйелері де толық қарастырылады.

Бөлісу