Облыс аумағында заңсыз жүк тасымалы мен жер қойнауын пайдалану әрекеттеріне жол бермеу – басты міндеттердің бірі болып қала бермек.
Сайрам ауданында заңсыз жүк тасымалына тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану әрекеттерінің алдын алу және оларды тоқтату мақсатында құрылған жұмысшы топ Сайрам ауданы аумағында рейдтік іс-шара жүргізді.
Рейд барысында ауыр жүк көліктерімен заңсыз тасымалдау және жүк тасымалына қатысты құқықбұзушылық фактілері анықталды. Нәтижесінде, 7 бірлік ауыр жүк көлігі Сайрам ауданының айыптұрағына қойылды.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті заң шеңберінде облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен құқық қорғау органдары тарапынан процестік шешімдер қабылданатын болады.
Айта кету керек, бұл бағыттағы рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасады. Облыс аумағында заңсыз жүк тасымалы мен жер қойнауын пайдалану әрекеттеріне жол бермеу – басты міндеттердің бірі болып қала бермек.