ТҮРКІСТАН: Сайрамда 21 гектарға жылыжай кешені салынады

0
1 860

Жылыжайды салуға 27 миллион доллар жұмсалады.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда 21 гектарға жылыжай кешені салынады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Асқар Маминнің Түркістан қаласына сапары аясында Түркістан облысының әкімдігі мен POLCOTTON LTD поляк компаниясы арасындағы жиырма жеті миллион долларға Сайрам ауданында аумағы жиырма бір гектарды құрайтын жылыжай кешенін салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум түзілді деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сонымен қатар, жабық алқап түгелдей жоғары технологиямен жабдықталатын болады. Ауқымды жоба екі кезеңге бөлінеді еғкен. Алғашқыда, яғни жобаның бірінші кезеңінде он бір гектар жылыжайды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал, екінші кезеңде тағы тоғыз жарым гектары салынады деп күтіліп отыр. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары қолға алынған. Инвестициялық келісімшарт жасалып, қажетті құралдары жеткізілгенін де айта кеткен жөн.

Бұдан бөлек бірер жыл бұрын, инвестициялық қызметті әртараптандыру шеңберінде, Cottonex компаниялар тобы, Түркістан облысы Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салу жөніндегі ауқымды жобаны іске асырған.