Аудан әкімі жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Жаңару күнінің мән-маңызына тоқталды.
Сайрам ауданында жаңару күніне орай ағаш көшеттері отырғызылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
19 наурыз – Жаңару күніне орай Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылындағы «Бейбітшілік саябағында» және Сұраншы батыр көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында жаппай көшет отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Игі шараға Сайрам ауданының әкімі Мадияр Оразалиев, аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, «Көрікті Сайрам» КММ ұжымы мен белсенді жастар қатысты.
Шара барысында аудан әкімі жиналған жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, Жаңару күнінің мән-маңызына тоқталды.
Жалпы тұрғын үйлер аулаларына 150 түп қарағай, боз арша, жай арша және терек көшеттері отырғызылып, жұмыстарға 6 техника жұмылдырылды.


