ТҮРКІСТАН: Сайрамдық имамды соққыға жықты

0
947

Жәбірленуші ауруханаға түскен.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық имамды соққыға жықты

Түркістан облысы, Сайрам ауданында имамды отбасы мүшелерінің көз алдында таяққа жыққан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ильяс Бурханов есімді әлеуметтік желі қолданушысы Facebook-парақшасында жариялаған.

"1990-шы жылғы күш көрсету әлі қалмапты. Мына видеодағы біздің ауылдың имамы. Үйіне кіріп, бала-шағасының көзінше ұрып кетіпті. Әйелінің айтуынша, ұрып-соққан жігіттердің қолында қолында темір болған. Кастет шығар. Ажыратуға келгендерді бұзықтың екі інісі есіктің алдында кіргізбей ұстап тұрыпты. Ауыл жағасын ұстап отыр. Жәбірленуші ауруханада, ал соққыға жыққандар "тайрандап" жүр. Онымен қоса "өлтіріп тастайм, бала-шағаң жетім қалады, маған десең әкім-генерал-менералыңды да алып кел" деген сөздермен қорқытқан. Істі соңына дейін жіті қадағалап, лайықты жазасын алуды сұраймыз. Бұны заңды түрде жазасын беріп тоқтатпасақ, күш көрсетуді жақсы көретіндер көбейеді", - деп жазды Ильяс Бурханов өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Бұл жәйт Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасында 10 шілде күні тіркелген. ҚР ҚК нің 107 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі таңда бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүріп жатыр. Арнайы сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады,"-деп хабарлайды Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.