ТҮРКІСТАН: Сайрамда спорт кешені салынып жатыр

0
285

Нысанды жіті қадағалаған аудан басшысы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелер айтты.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда спорт кешені салынып жатыр

Сайрамда «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында спорт кешені салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі құрылыс нысандарын тұрақты қадағалауды тапсырған болатын. Осыған орай Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов Қарасу ауылына арнайы барып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын бақылады.


Аталған нысанның құрылысы үшін бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме «НурТехСервис» ЖШС тарапынан нысанның сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жіті қадағалаған аудан басшысы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелер айтты. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне маусым айында берілуін тапсырды.