ТҮРКІСТАН: Сайрамдық 100 бала «Гавая» лагеріне жіберілді

0
707

Олардың ішінде республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары, спорт, өнер жарыстарының жүлдегерлері мен өзге де үздіктер бар.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық 100 бала «Гавая» лагеріне жіберілді

Сайрамдық 100 бала «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Балалардың жазғы демалысының бесінші ауысымы басталды. Осы орайда, Сайрам ауданының 100 баласы «Гавая» жазғы сауықтыру лагеріне демалысқа жіберілді. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері оқушылардың жол қауіпсіздігін сақтай отырып, демалыс орнына жеткізді.


«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен биыл жалпы 300 балаға тегін жолдама беріліп, қуаныш сыйлады. Олардың ішінде республикалық, облыстық олимпиада жеңімпаздары, спорт, өнер жарыстарының жүлдегерлері мен өзге де үздіктер бар.


Бұдан бөлек, қайырымдылық қорының демеушілігімен жаз маусымының 4 ауысымында Түлкібас ауданына қарасты Машат елді мекенінде орналасқан «Машат Арасан» жазғы сауықтыру лагерінде 200 оқушы тынығып қайтты.


Қазіргі таңда Арыс ауылдық округіне қарасты бөліміне тиесілі №1 Оқушылар үйіне қарасты жазғы сауықтыру лагерінің төртінші ауысымына 314 бала қабылданды. Биыл 7 ауысымда 2198 баланы демалдыру жоспарланса, қазір оның 1256-ы қамтылған.