ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер мемлекеттен қолдау тауып өз кәсібін дөңгелетіп отыр

0
1 066

"Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар конкурсына қатысып 3 млн. теңге грант ұтып алған.


ТҮРКІСТАН: Сайрамдық кәсіпкер мемлекеттен қолдау тауып өз кәсібін дөңгелетіп отыр

Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Қарамұрт ауылында ерекше жоба жүзеге асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Южанка-5" ЖШС-нің жетекшісі Ольга Джексебаева аталған ауылдағы кеңестік дәуірден қалып қойған, жекенің қолындағы ескі қоймалары мен басқа да тозығы жеткен ғимараттары бар аумақты сатып алып, олардың біразын жөндеуден өткізген. Ішіне құрал-жабдықтарын орнатып, түрлі дақылдардан, оның ішінде қауыннан, қарбыздан джем жасап, тосап шығаруды жолға қойған.

Кәсіпкер Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Сайрам ауданық филиалының маманы Қайрат Асылболатовқа келіп, кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау бойынша бағдарламалар туралы кеңес алған. Нәтижесінде, "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім берген. Кәсіпкер аталған конкурсқа қатысып, жобасын қорғап, 3 млн. теңге грант ұтып алған.

Алдағы уақытта 40 млн. теңгеге өз бизнесін кеңейту үшін құрал-жабдық, шикізат сатып алуға мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі банктен "Бизнес жоспар" дайындап кепілзаттың құқық белгілейтін құжаттарын дайындауға көмек көрсетітуде.
Жалпы, кәсіпкер аудан басшылығына, аудандық кәсіпкерлік бөлімі мен "Атамекен" ҰКП Сайрам аудандық филиалына айтар алғысы шексіз.