ТҮРКІСТАН: Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

0
581

Бибосынов бірінші кездесуінде Гонконг спортшысы Каннет Там Чунды мерзімінен бұрын айқын жеңген болатын.


ТҮРКІСТАН: Сәкен Бибосынов екінші қарсыласын жеңді

Италияда Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын турнир өтіп жатыр. Маңызды жарыста 51 келіде сынға түскен әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы жеңді. Төрешілер бірауыздан қазақ спортшысы басым түскенін хаттамаға тіркеді.


Бибосынов бірінші кездесуінде Гонконг спортшысы Каннет Там Чунды мерзімінен бұрын айқын жеңген болатын.


Сәкеннің келесі қарсыласы – Бахрейн атынан шығатын қазақ боксшысы Азат Махметов. Азат – Қазақстан чемпионы атанған мықты спортшы. Бүгінде Бахрейн елінің азаматтығын алған. Бұл жекпе-жек 10 наурызға жоспарланған.


Түркістан облысының тағы бір өкілі, 63,5 келідегі Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/32 финалда Тринидад және Тобаго өкілі Доннел Филипптен басым түсті. Мұхаммедсабыр 1/16 финалдағы кездесуін 7 наурызда өткізеді.


Жалпы, ерлер арасында Қазақстан құрамасының 6 спортшысы да алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.


Айта кетейік, бұл турнирде әр салмақ бойынша жартылай финалға жеткен 4 бокшы Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болады.