​ТҮРКІСТАН: «Салбурын – мереке ғой саятшыға» фестивалі өтті

0
1 990


​ТҮРКІСТАН: «Салбурын – мереке ғой саятшыға» фестивалі өтті

Түркістан облысы Түлкібас ауданында Алатаудың баурайында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында «Салбурын – мереке ғой саятшыға» атты фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Фестивальге облыс ардагерлері мен аудан-қалалардан құсбегілер мен саятшылар келіп қатысып, аудан тұрғындары тамашалады.

Табиғатымен тамсандырған «Ақсу-Жабағылы» қорығының қойнауында өткен іс-шарада қостар тігіліп, ұлттық құндылықты насихаттау барысында саятшылар мен құсбегілер ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық өнерді паш етті. Сонымен қатар, келген қонақтар қолөнерден жасалған көрмемен және саятшылар жайғасқан қостармен танысты.

Аңшылық дәстүрінде бар «Салбурын» осылайша жаңғыртылып, жастарға үлгі етілді. Ит жүгіртіп, құс салуды, жалпы саятшылықтың қыр-сырын танытуды көздеген іс-шарада белсене қатысқан жеңімпаздар марапатталды.

Ақпарат үшін:

Салбурын – қыстың аң аулау маусымында аңшылар топталып, аңы мол жерге сапар шегетін, аңшылықтың бар қызығы мен сән-салтанатын құратын бас қосу. Жақсы ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы және түзу мылтықты сайлап, саңлақ саятшылар, құралайды көзге атқан мергендер мен қыран баптаған құсбегілер және әнші-жыршылары да бірге бас қосады. Күні бойына аң аулап жан-жаққа кетіп, кешкісін қос басына жиналады. Іздерінен ерген жастарға аңшылықтың қыр-сыры мен қыран мен тазы баптау жолдары үйретіліп, бір-бірімен тәжірибе бөліседі.