Бүгінде спорт кешенінің іргетасын құю жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылында жаңа спорт кешені бой көтеріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш ауданында спорт инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінде салынып жатқан жаңа спорт кешенінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Нысанды аралау барысында мердігер мекеме өкілдері құрылыс жұмыстары туралы баяндады. Бүгінде спорт кешенінің іргетасын құю жұмыстары толық аяқталған. Қазіргі таңда ғимараттың қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан басшысы жауапты тұлғаларға құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес әрі сапалы жүргізуді тапсырып, нысанды уақытылы пайдалануға беру қажеттігін атап өтті. Жаңа спорт кешені іске қосылғаннан кейін ауыл тұрғындарының спортпен тұрақты түрде айналысуына қолайлы жағдай жасалады. Сонымен қатар, нысан бұқаралық спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтына баулуға және өңірдегі спорттық инфрақұрылымды жетілдіруге өз үлесін қосады.


