ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының тұрғыны түйеқұс бағып жатыр

0
585

Жем шөбі, күтімі болса 80-100 жыл өмір сүреді.


ТҮРКІСТАН: Сарыағаш ауданының тұрғыны түйеқұс бағып жатыр

Сарыағаш ауданының тұрғыны ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Ақ үй елді мекенінің тұрғыны Б.Жанұзақов бүгінгі таңда ерекше құс түрлерін өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін түйеқұс аудан үшін таңсық құс болатын.


Еңбекқор азамат аталған құс түрін алғашқылардың бірі болып өсіруді қолға алған. Сонымен қатар сүйікті ісі құс шаруашылығы болғандықтан бөдене, бүркіт, үкі, кептер, тотықұс, тауыс құстарын бағумен де айналысып жатыр. Қазіргі таңда сырттан әкелінген құстарды жерсіндіріп, қолға үйретті.


Кәсіпкердің айтуынша, түйеқұс өсіру еш қиындық тудырмайды, тек оны күтіп-бағудың жолын меңгеріп алсаң болғаны. Ал одан түсетін пайда көп. Оның терісі, тұяғы, тұмсығы әсіресе еті нарықта үлкен сұранысқа ие.


Өйткені, етінің құрамында май мен холестерин аз болғандықтан өте өтімді. Бойы 2-3 метр болатын түйеқұс 100-150 килоға дейін ет береді. Бір маусымда 120 жұмыртқа табатын түйеқұстар табиғи жем шөбі, күтімі болса 80-100 жыл өмір сүреді. Жұмыртқасының салмағы – 3-3,5 кг.


Айта кетсек, аудан тұрғыны Б.Жанұзақов құс өсірумен қатар, марал, бұғы және қоян бағумен де айналысып келеді.