ТҮРКІСТАН: Сарыағашта көпбейінді аурухана салынып жатыр

0
60

Жаңа аурухана тәулігіне 600-ге жуық науқасты қабылдауға қауқарлы.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта көпбейінді аурухана салынып жатыр

Сарыағаш қаласында көпбейінді аурухананың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде құрылыс алаңында 15 жұмысшы еңбек етуде, сондай-ақ 7 арнайы техника тартылған. Тапсырыс беруші – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы», ал мердігер мекеме – «ASPAN HOLDINGS» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Аудан әкімі Арман Абдуллаев нысан басында болып, мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән бере отырып, нысанды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.


Аталған медициналық нысан бірнеше блоктан тұрады. Әр блокта тұрғындарға медициналық көмектің әртүрлі бағыттары бойынша қызмет көрсетіледі. Жаңа аурухана тәулігіне 600-ге жуық науқасты қабылдауға қауқарлы.

Бөлісу