ТҮРКІСТАН: Сарыағашта Республика күні қарсаңында бірнеше нысан ашылды

0
111

Аталған нысандар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылған.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта Республика күні қарсаңында бірнеше нысан ашылды

Сарыағашта Республика күні қарсаңында үш дәрігерлік амбулатория және спорт кешені ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сарыағаш ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесі қарсаңында жаңа нысандар ашылып, пайдалануға берілді. Бұл күні ауданда үш бірдей жаңа медициналық нысан ашылып, салтанатты жиынға аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары А. Салимов, Ж. Әбдібаевтар арнайы қатысып, лентасын қиды.


Жаңатұрмыс елді мекеніндегі тәулігіне 25 тұрғынды қабылдай алатын медициналық алғашқы көмек көрсететін дәрігерлік амбулатория ауыл тұрғындарының игілігіне табысталды. Сондай-ақ Жемісті елді мекеніндегі заманауи үлгідегі дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты болып өтті. Мердігер мекеме «Арко Групп» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген.


Дәл осындай үлгідегі амбулатория Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде де ашылды. Мердігер мекеме «Таймас Компани» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ел игілігіне берілді.


– Құрметті ауыл тұрғындары, ауылдарыңызда ашылғалы отырған дәрігерлік амбулаторияның ашылуымен құттықтаймын. Алдағы уақытта сапалы да, білікті мамандар еңбек етіп, халық денсаулығына қызмет ететініне сенемін, – деді аудан әкімі.


Медициналық нысандардың құрылыс жұмыстары «Ауыл-ел бесігі» бағдарлама аясында жүргізіліп, елді мекен тұрғындарының саулығын қамтамасыз ету үшін, медицина мамандарының бар білімі мен біліктілігін салуға мүмкіндік бергелі отыр. Аталған нысандар заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылған. Оған қоса, дәрігерлік амбулаториялар тіс дәрігері, узи кабинеттері, зертханалық кабинеттер де қарастырылған.


Айтулы күнде ауданға қарасты Дарбаза елді мекенінде 500 балаға арналған заманауи спорт кешенінің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді. Жеке инвестор есебінен бой көтерген заманауи үлгідегі спорт нысанының ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтады.


Жаңа спорт нысанында футбол алаңшасы, бокс, самбо, дзюдо, үстел теннисі, қазақ күресі, таеквондо, футбол, шахмат үйірмелеріне арналған залдар мен заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған.


Айта кетейік, жиын барысында аудан әкімі самбо күресінен жуырда ғана Кипр мемлекетінде өткен Әлем чемпионы атанған Е. Ахатовты, Әскерилер арасында Өзбекстанда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Хорватия мемлекеті, Загреб қаласында өткен Әлемдік Гранд При жарысының Чемпионы атанған Ш.Рахимовты, Греплингтен ҚР 2024 жылғы чемпионы, Филиппинде өткен Азия чемпионатының күміс жүлдегері Д.Бөрібайды, сонымен қатар дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының үш дүркін жеңімпазы М.Серікбайды алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Бөлісу