ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шалғайдағы 2 елді мекен табиғи газбен қамтылды

0
58

207 абонент табиғи газға қосылды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шалғайдағы 2 елді мекен табиғи газбен қамтылды

Сарыағаштағы шалғайда орналасқан 2 елді мекен табиғи газбен қамтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында ауылдық елді мекендерді дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жөнінде берген тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданында инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда.


Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылдық округіндегі Шайхана және Қарақалпақ елді мекендері табиғи газға қосылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев елді мекендерге арнайы барып, тұрғындардың қуанышын бөлісті.


Сарыағаш ауданының әкімі ауыл тұрғындарын қуанышты жаңалықпен құттықтап, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.


– Қазіргі таңда шалғай елді мекендерді электр энергиясымен, табиғи газбен және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданда инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді, – деді Арман Абдуллаев.


Кездесу барысында тұрғындар атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.


Жылға ауылдық округіне қарасты Шайхана және Қарақалпақ елді мекендерін газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары 2025 жылдың ақпан айында басталып, 2026 жылдың қаңтар айында толық аяқталды. Қарақалпақ елді мекенінде құрылыс жұмыстарын «Бақ-Ерке строй» ЖШС, ал Шайхана елді мекенінде «Ынтымақ-ОК» ЖШС жүргізді. Нәтижесінде екі елді мекенде 207 абонент табиғи газға қосылды.


Айта кетейік, қазіргі таңда Сарыағаш ауданына қарасты 63 елді мекеннің 55-і табиғи газбен қамтылып, қамту көрсеткіші 87,3 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар 3 елді мекенде газбен қамту жұмыстары жүргізілуде, ал 5 елді мекенде жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Бөлісу