Орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында бірден қаза болған.
Түркістан облысы полицейлері жаяу жүргіншіні қағып кетіп, қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сарыағаш АПБ-нің «102» телефонына жергілікті тұрғындардан Халықаралық «Жібек жолы – Жетісай» үлкен тасжолының бойында белгісіз көліктің жаяу жүргіншіні қағып кетіп, бой тасалағаны, трасса бойында белгісіз жанның денесі жатқаны жөнінде хабарлама келіп түседі. Аталған ақпарат бойынша тәжірибелі полицейлерден құралған жедел-тергеу тобы оқиға орнына шұғыл шықты. Тәртіп сақшылары жол-көлік апаты болған жерді мұқият қарап, тексерді. Нәтижесінде, жас шамасы 45-55 аралығындағы, азиат нәсілді, жаяу жүргіншінінің денесін табады. Орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан белгісіз жаяу жүргінші оқиға орнында бірден қаза болған. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап үлгерген.
Жол-көлік оқиғасын болып, соның салдарынан адам қаза болып отырғандықтан аудандық полицейлер жүгенсіз көлік жүргізушісін ұстау мақсатында жоспар құрып, жүйелі жұмыстар атқарды. Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ полиция майоры Біржан Қожабеков, полиция аға лейтенанттары Ерлан Тұяқов, Асхат Әшір, полиция старшинасы Сұлтан Станбековтер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, түнгі уақытта Жетісайдан Шымкент бағытына қарай шыққан жеңіл көлікті табуғабарлық кәсіби шеберліктерін салды.
Көлік жүргізушісі қашады-ау деген аймақтарды аралап шықты. Арадан бірнеше сағат өткеннен соң, таулы-тасты жолдарды тексеріп шыққан полицейлер адамды қағып кеткен «Мерседес» маркалы көлікті тапты. Оқиға орнынан 4 шақырымға дейін қашқан жүргізуші көлікті тастап кеткені анықталды. Алға қойған мақсаттарына жетпей қоймайтын полицейлер, қырағылығының арқасында күдікті іздестіруді жалғастырып, жүргізушініде қолға түсірді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.