ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы бірқатар нысанның құрылысы зерделенді

0
73

Жұмыс сапары аясында алдымен жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім беру нысандарының жай-күйі қаралды.​


ТҮРКІСТАН: Сарыағаштағы бірқатар нысанның құрылысы зерделенді

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына келіп, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданына келіп, бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың жұмыс барысымен танысты. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов және жауапты сала басшылары бірге бақылады.

Жұмыс сапары аясында алдымен жөндеу жұмыстарын қажет ететін білім беру нысандарының жай-күйі қаралды. Нысандарды аралау барысында ғимараттардың қазіргі ахуалы, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемі және алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстар пысықталды. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оқушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.

Сонымен қатар, Мәдениет және Шеңгелді елді мекендерінде салынған мәдениет үйлері мен кітапхана ғимараттарының жағдайы пысықталды. Нысандардың қазіргі жағдайы, тұрғындарға көрсетілетін мәдени қызмет сапасы және олардың тиімді пайдаланылуы зерделенді.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар «Сарыағаш» айналма автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының барысы қаралды. Жауапты сала басшыларымен бірге жобаның жүзеге асырылу кезеңдері, құрылыс қарқыны және алдағы міндеттер талқыланды. Аталған жол жобасының ауданның көлік қатынасын жақсартудағы маңызы атап өтілді.

Сапар барысында Сарыағаш қаласында салынып жатқан көпбейінді аурухана мен жаңа буынды дамыту орталығының және “Сарыағаш” теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары да бақыланды. Нысандарды аралау кезінде құрылыс сапасы, жұмыс кестесінің сақталуы және жобалық талаптардың орындалуы назарға алынды.

Еркебұлан Дауылбаев әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтіп, жауапты тұлғаларға жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Бөлісу