Аталған жоба «South Products» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда.
ТҮркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Ақжар ауылдық округі аумағында орналасқан 24 гектар алқапта картоп өнімін жинау жұмыстары жүргізілуде.
Ондағы алқапқа тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Аталған бастама өңірдің ауыл шаруашылығы әлеуетін арттырып, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізуде.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне арнайы жұмыс сапарымен барып, егіс алқабында болды. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, шаруамен тілдесті. Өнім жинау барысы, технологиялық үдеріс пен болашақтағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Аудан әкімі тамшылатып суғару әдісінің тиімділігі мен су ресурстарын үнемдеудегі маңызын атап өтті.
Аталған жоба «South Products» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жоба қуаттылығы жылына 800 тонна картоп өндіруге бағытталған. Егістікке өнімділігімен және сапасымен ерекшеленетін танымал голландиялық «сантэ» сорты егілген. Шаруа қожалықта 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді.