ТҮРКІСТАН: Сарығашта тартысты пікірсайыс өтті

0
615

Бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 55 делегаттың 54 қатысты.


ТҮРКІСТАН: Сарығашта тартысты пікірсайыс өтті

Сарыағаш ауданындағы пікір сайыс өте тартысты өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан облысының аудан, қалаларында кестеге сәйкес, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс XLI конференциясы өтті. Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс XLI конференциясына партия филиалы төрағасы Мұхит Баймуханбетұлы төрағалық жасады.

Конференция жұмысына бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 55 делегаттың 54 қатысты. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Олар: «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасын бекіту, облыстық партиялық тізімге кандидаттарды бекіту және ұсыну, Сарыағаш аудандық сайлау комиссиясына «Nur Otan» партиясынан ұсынылатын партиялық тізімді талқылау және бекіту, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қаралды.

Конференция барысында облысқа үміткер 16 кандидаттың арасында жария пікір сайыс ұйымдастырылды. Үміткерлер пікір сайыс барысында ауданның дамуы, экономикалық-әлеуметтік бағыттары мен түйінді түйткілдерін шешу жолдары туралы ұтымды ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында делегаттар өз таңдауын жасап, 8 үміткер облысқа ұсынылды. Аудандық праймеризде жоғары дауыс жинаған 44 үміткер аудандық партиялық кадрлық резервке алынды.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XL конференциясына 8 делегат сайланды. «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының кезектен тыс XLI конференциясын аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы М.Б.Отаршиев қортындылап, қатысушылармен үміткерлерге сәттілік тіледі.