ТҮРКІСТАН: Сауранда «Дәморда» өндірістік кластері іске қосылады

0
62

Бұл жоба аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.


ТҮРКІСТАН: Сауранда «Дәморда» өндірістік кластері іске қосылады

«Дәморда» атауымен Сауранда жаңа өндірістік кластер іске қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың тікелей тапсырмасымен, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жаңа жобаларды іске асыру бағытында маңызды қадам жасалуда. Осы негізде Иассы ауылдық округінде ірі кондитерлік цехтардың басын біріктіретін жаңа өндірістік кластер - «ДәмОрда» құрылысы басталады. Бұл жоба аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен қолға алынып, өңірдің экономикалық дамуына серпін бермек.


Аталған жоба аясында бүгін инвесторлар мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен кеңейтілген жиын өтті. Онда үш жақты меморандумға қол қойылып, өндірістік аймақ үшін арнайы жер телімі бөлінді. Шараға Түркістан облысының Кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовте қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды.


– «ДәмОрда – Сауранның ғана емес, бүкіл Түркістан облысының тағам өндірісіндегі жаңа брендіне айналады. Бұл бастама кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы нақты қадам», – деп атап өтті. Жоба толық іске қосылған соң, Иассы ауылдық округі өңірлік тағам өнеркәсібінің маңызды орталығы болып қалыптасады. «ДәмОрда» бренді – сапалы ұлттық өнімнің жаңа символына айналады, - деді аудан басшысы.


«ДәмОрда» құрамына бірнеше ірі кондитерлік және тағам өндірісімен айналысатын кәсіпорындар біріктірілмек:

• ЖК «Алымжан» (Мухиддиов Алымжан) – кәмпит, қант, тәтті тоқаштар өндірісі. 35 жұмыс орны, жоба құны – 250,0 млн теңге.

• ЖК «Шүкіржан» (Тажиметов Шүкіржан Бахтиярұлы) – кондитерлік өнімдер. 20 жұмыс орны, жоба құны – 170,0 млн теңге.

• «Айжамал Тәттілері» ЖШС (Бауыржан Жанбуршин) – кондитерлік өнімдер. 60 жұмыс орны, жоба құны – 450,0 млн теңге.

• «Грин Сервис» ЖШС (Тәуекелов Еркебұлан) – кондитерлік өнімдер. 20 жұмыс орны, жоба құны – 450,0 млн теңге.

• «Әл Береке» АШӨК (Рускулов Аброр Абдураймович) – нан өнімдері. 30 жұмыс орны, жоба құны – 300,0 млн теңге.

• ЖК «Сұлтанбай» (Боханов Сұлтанбай Серикбаевич) – кептірілген ет өнімдері. 30 жұмыс орны, жоба құны – 300,0 млн теңге.

• ЖК «Бек» (Бекдилдаев Акжан) – консервіленген көкөніс өнімдері. 100 жұмыс орны, жоба құны – 400,0 млн теңге.


Әрбір кәсіпорын жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Жалпы алғанда, тұрғындао тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті бюджетке салық түсімдері артады. «ДәмОрда» – тек бір ғана цех емес, бірнеше өндірістік қуатты кәсіпорынды бір орталыққа топтастыратын жаңа форматтағы алаң. Бұл модель өнім сапасын арттырып қана қоймай, өңірдегі бәсекеге қабілеттілікті күшейтеді. Жаңа өндірістер ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етеді.

Бөлісу