ТҮРКІСТАН: Сенаторлар қазығұрттық шаруалардың жұмыстарына оң баға берді

0
822

Аудан көлемінде алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен.


ТҮРКІСТАН: Сенаторлар қазығұрттық шаруалардың жұмыстарына оң баға берді

Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен С.Құртаев жұмыс сапарымен келді. Арнайы ауданға ат басын бұрған сенаторлар аудандағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтар болсақ, «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бауының алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті.


Соңғы 10 жылда аудан көлемінде алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен. Ал «Бірлік» өндірістік кооперативінде ауданның жүздеген тұрғыны жұмыспен қамтылып, қарқынды бау көлемі – 120 гектарды құрап, бүгінгі таңға 500 тоннадан артық алма жиналған. Сенаторлар қазығұрттық диқандардың жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар сенаторлар аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық төрағаларымен жүздесіп, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.