ТҮРКІСТАН: Шалғайдағы ауылдарға ұялы байланыс желісі қосылды

0
1 591

Жуырда 4G жылдамдықтағы интернет желісі қосылады.


ТҮРКІСТАН: Шалғайдағы ауылдарға ұялы байланыс желісі қосылды

Келес ауданында ұялы байланыс сапасы артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданындағы Жамбыл ауылдық округінің 4 елді мекеніне 3G ұялы ғаламтор байланысы қосылды. Байғабыл, Қалғансыр, Ащыкөл және Майдабозай ауылдарына өткен жылы технологияларымен және мобильді ұялы байланыс қызметімен қамтамасыз етілсе, биыл ауылдық окургінің орталығы Бекбота елді мекеніне 4G жылдамдықтағы интернет желісі қосылады. Бұл туралы Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев Жамбыл ауылдық округінде өткен кездесуде мәлімдеді.


Халықпен кездесуге аудандық мәслихаттың хатшысы Арын Тотиков, аудандық мәслихаттың депутаттары Амангелді Жүзенов және Жангелдин Абилов, аудандық дербес бөлім басшылары қатысты.


Бүгінде инфрақұрылым саласы аудан аумағында тең дәрежеде дамыту қолға алынған. Соның бірі осы Жамбыл ауылдық округі. Ауылдық округі жалпы 5 елді мекеннен тұрып, соның 3 елді мекеніне өткен жылы ауыз су құрылысы жүріп, пайдалануға берілді. Ауылдық округіндегі халықтың дені мал шаруашылығымен айналысқандықтан ортақ жайылым жер мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында биыл 2000 гектар аумақ халыққа ортақ жайылымға беріледі. Кездесу барысында халықтың көкейіндегі сұрақтарға Алмас Сексенбаев жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ жеке қабылдауға жазылған тұрғындардың да мәселесін тыңдап, тиісті жауаптарын берді.

Бөлісу