Жөндеу жұмыстары барысында 41 шақырым жолдың негізі және асфальт жабыны жаңартылды.
Түркістан қаласы облыс орталығы мәртебесін алғаннан бастап облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жалпы ұзындығы 252,6 шақырымды құрайтын Жетісай-Шардара-Арыс-Ордабасы аудандары арқылы өтетін жол кезең-кезеңімен жөндеуден өткізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2019-2021 жылдары жолдың 70-111 шақырым (Қазақстан-Достық елді мекендері) аралығына (41 шақырым) мердігер мекеме «Дорстрой» ЖШС-і тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары іске асырылып, ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Жөндеу жұмыстары барысында 41 шақырым жолдың негізі және асфальт жабыны жаңартылды. Одан бөлек, жол бойындағы 7 көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңадан су өткізгіш құбырлар орнатылды.
Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды жол кедергілері орнатылды. Жалпы 450 дана жаңа жол белгілері қойылды. Сондай-ақ, елді мекендердің ішіне аяқжол салынып, диодты жарықтандыру шамдары және заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылды.
Жолдағы жөндеу жұмыстары мен оған қолданылған құрылыс материалдарының сапасына тапсырысшы, авторлық, техникалық қадағалаушы мекемелер мен «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы филиалының тарапынан тұрақты бақылауда болды.