ТҮРКІСТАН: Шардарада ағынсу қашыртқылары тазаланып жатыр

0
350

ЛР-60, ЛР-80, ЛР-100 лотоктар тасымалданып, құрылыс жұмыстары аяқталуға таяп қалды.


ТҮРКІСТАН: Шардарада ағынсу қашыртқылары тазаланып жатыр

Шардара ауданында ағын су қашыртқыларын тазалау жұмыстары қарқынды жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық бюджет есебінен Шардара ауданының коммуналдық меншігіндегі ағын су нысандарын қайта қалпына келтіру және тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, 2023 жылы аудандағы ауыл округтері әкімдіктерінің теңгеріміндегі каналдарға облыстық бюджет қаржысы есебінен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Қ.Тұрысбеков, Ақшеңгелді, Достық ауыл округтеріндегі каналдарға қаржы қарастыру жөнінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыныстар берілді.


Осының нәтижесінде Ақшеңгелді ауыл округіндегі Егізқұм елді мекенінде орналасқан лотоктар жүйесін «Тұран су» ШЖҚ МҚК мекемесі арқылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 4-К-2-8 каналы ұзындығы 7,458 км, 4-К-2-9 каналы ұзындығы 3,138 км, барлығы 10,596 км, облыстық бюджеттен қаралған қаржы есебінен 2023 жылы құрылыс жұмыстары басталды.


Бүгінгі таңда аталған каналдардың орындары тазаланып, свайларын жаңарту жұмыстары және диаметрі ЛР-60, ЛР-80, ЛР-100 лотоктар тасымалданып, құрылыс жұмыстары аяқталуға таяп қалды.


Сондай-ақ Ақшеңгелді ауыл округіндегі ұзындығы 2,7 км құрайтын 2-Х-1-а каналы, ұзындығы 12,688 км 4-К-1-3 каналы, ұзындығы 9,567 км 4-К-1-4 каналы, Достық ауыл округінде орналасқан ұзындығы 21,0 км1-К-2, 1-Х-2-К-1, 1-Х-2-К-2, 1-Х-2-К-3, 1-Х-2-К-4 каналдары, Қ.Тұрысбеков ауыл округінде орналасқан ұзындығы 4,6 км РШ-2 каналы, ұзындығы 0,89 км және ұзындығы 5,25 км РШ-3 және РШ-2-1 каналдары күрделі жөндеуден өтетін болады.


Көксу ауылы аумағында «Тұран-су» ШЖҚ МКК-ның 2-дана техникасы (экскватор) өткен жылы ағын су қашыртқыларын 23,5 шақырым жеріне механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ауданда коммуналдық меншіктегі ағын су қашыртқыларына механикалық тазалау жұмыстары Қ.Тұрысбеков а/о 86,0 км, Қоссейіт а/о 221,0 км, Көксу а/о ұзындығы 235,0 км, Ұзын ата а/о 319,0 км, Ақшеңгелді а/о 72,0 км, Достық а/о 7,0 км, барлығы 939,0 км коммуналдық меншіктегі қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі.


Жыл басынан бері Көксу ауыл округінде ағын су қашыртқысын тазалау жұмыстары жүргізуге 15 дана эксковатор, 2 дана бульдозер ұзындығы 71 км, Қоссейіт ауыл округінде 4 дана эксковатор, 1 дана бульдозер ұзындығы 6 км, «Тұран су» ШЖҚ МКК тарапынан механикалық тазалау жұмыстарын жүргізді. Ағын су қашыртқыларын механикалық тазалау жұмыстары жалғасуда.