4 тұрғын үй бой көтеріп келеді.
Шардара ауданының әкімі құрылыс нысандарын аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай қаладағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Аудан басшысы аталған жұмыс сапары барысында Төле би көшесінің бойындағы желілік саябақ пен аудандық полиция бөлімінің қосымша ғимараты, «Он төртінші бекет» елді мекеніндегі абаттандыру жұмыстары мен Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектептің 300 орынға арналған қосымша корпусы, "Тұңғыш Президент" саябағындағы күрделі жөндеу жұмыстары, Астана көшесі бойында салынып жатқан 40 пәтерден тұратын 4 қабатты тұрғын үйді, "Орталық стадионда" жүргізіліп жатқан құрылыс және әл-Фараби көшесіндегі абаттандыру жұмыстарымен танысып шықты.
Сондай-ақ, аудан әкімі аталған құрылыс нысандарын аралау кезінде көтерілген мәселелерге көз жеткізіп, тиісті сала мамандарына жұмыс барысында туындаған проблемаларды дер кезінде шешіп, қадағалап отыруды тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі уақытта шағалалы Шардара ауданы аумағында құрылыстан бөлек автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.