Байрақты бәсекеде ұлдар 11 салмақта, қыздар 7 салмақта күш сынасатын болады.
Ауданның 55 жылыдыға орай ауыр атлетикадан Түркістан облысының ашық кубогіне арналған байрақты бәсеке басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шардара ауданының 55 жылдығына орай Шардара қаласының спорт кешенінде жалауы түрілген Түркістан облысының ашық кубогінің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырықбаев Полат Наурызбайұлы арнайы қатысты.
2003 жылдан төмен туылған ұл-қыздардың арасынан мықтыларды анықтайтын аталмыш жарыста Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстарымен қатар Тараз және Шымкент, Арыс қалаларынан, Түркістан облыстық «Б.Саттарханов» атындағы мектеп-интернаты мен Сайрам, Шардара аудандарынан 138 спортшы бақ сынауда.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қырқбаев Полат Наурызбайұлы мен Шардара ауданы әкімінің міндетін атқарушы Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы арнайы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Полат Наурызбайұлы 2019 жылы ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы мен армрестлингтен Румынияда өткен Әлем чемпионатының, сонымен қатар, грепплингтен Әзербайжан елінде өткен әлем чемпионатының чемпиондарын және гір көтеру спортынан Сербия елінде өткен әлем чемпионатының чемпиондарын Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.
Халыаалық IWF ұйымы бекіткен ережеге сәйкес қоссайыс тәсілімен өтетін байрақты бәсекеде ұлдар 11 салмақта, ал, қыздар 7 салмақта күш сынасатын болады.