ТҮРКІСТАН: Шардарада құрылыс сапасы қатаң бақылауға алынды

0
1 940

Аудан басшысы көпқабатты 6 тұрғын үйдің құрылысымен танысып, тұрғындарымен тілдесті.


ТҮРКІСТАН: Шардарада құрылыс сапасы қатаң бақылауға алынды

Құрылыс нысандарын аралап көрген Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы белгіленген өндірістік кестеге сәйкес жұмыс жүргізуді, құрылыс сапасын жақсартуды тиісті сала мамандары мен мердігер мекеме басшыларына қадап тапсырды деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысы, Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тамыз айында Шардара қаласы Смағұлов көшесінің тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесу барысында тозығы жеткен ауыз су құбырын ауыстыру жөнінде тұрғындардан өтініш айтылған.
Айтылған мәселені өз бақылауына алған аудан басшысы аталмыш көшедегі бір шақырым орталық ауыз су құбырын жаңадан қойдырды. Көше тұрғындарымен қайта кездескен Қайрат Жолдыбайұлы алдағы уақытта көшеге асфальт төселетінін де айтты.

Сонымен қатар, аудан басшысы орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Н.Оңдасынов, Қазыбек би көшелерінің, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көпқабатты 6 тұрғын үйдің құрылысымен танысып, тұрғындарымен тілдесті. Ой-пікірлерін тыңдады, ұсыныстарына құлақ түрді.

Қаладағы құрылысы жүріп жатқан нысандарды толық аралап шыққан аудан басшысы айтылған ұсыныстарды назарға алып, белгіленген өндірістік кестеге сәйкес жұмыс жүргізуді, құрылыс сапасын жақсартуды тиісті сала мамандары мен мердігер мекеме басшыларына қадап тапсырды.