Бұл жұмыстарға 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Шардарада шіркейге қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Шардара ауданында шіркейге қарсы залалсыздандыру шаралары биыл сәуір айынан басталған. Аудан аумағында дезинсекциялық жұмыстар кестеге сәйкес жүйелі атқарылып жатыр. Атап айтқанда, залалсыздандыру шараларымен Шардара қаласы, Достық, Сүткент, Ақшеңгелді, Қызылқұм, Алатау батыр, Ұзыната, Көксу, Қоссейіт, Тұрысбеков, Жаушықұм ауылдық округтері қамтылған. Бұл жұмыстарға 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Ауданға қарасты бірқатар елді мекенде шіркейдің көбейгені байқалып, жұмыстар күшейтілді. Нақтырақ айтқанда, Сүткент ауылында залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп, дернәсілге қарсы биологиялық әдіспен Сырдария өзеніне «Бактицид» препараты құйылды. Дәрілеу жұмыстарына 10 арнайы көлік, 4 қайық, 1 дрон, 10 бүріккіш құрал тартылды.
Бүгін Алатау батыр ауылдық округінде кешенді химиялық дәрілеу жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2 арнайы көлік, 1 дрон, 6 бүріккіш құрал тартылды.
Облыс аумағында жүргізіліп жатқан дезинсекциялық шаралардың сапалы атқарылуы аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң байқылауына алынған.