Қыдырғали 170 келілік Леван Сагинашвили Әлемнің 7 дүркін чемпионымен қол күрестіретін болады.
ТОП8 әлемдік додасының екінші кезеңінде шардаралық Қыдырғали Оңғарбаев грузиялық Леван Сагинашвилимен кездеседі деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Маусым айында Украина елінің астанасы Киев қаласында қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде шардаралық Қыдырғали Оңғарбаевтың өзінен 70 келі ауыр, әлем жұртшылығына “Халк” лақап атымен танымал Грузиялық Леван Сагинашвилимен кездесетіндігі анықталды.
Қыркүйек айында Қытайдың Шэньчжень қаласында өтетін ТОП8 додасының екінші кезеңінде қазақстандықтың қарсыласы 170 келілік Леван Сагинашвили Әлемнің 7 дүркін чемпионы, бүгінде қол күресінен әлемді мойындатқан мықтылардың бірі.
Аталмыш додада ел намысын абыроймен қорғауды мақсат етіп отырған шардаралық балуан бүгінде тынымсыз дайындық үстінде. Әлемдік спорт сарапшылары да қазақстандық Қыдырғали Оңғарбаев пен грузиялық Леван Сагинашвилидің арасындағы кездесу қол күрес спорты тарихындағы қайталанбас тартысты кездесулердің бірі болатындығын айтып отыр.
Айта кетейік, ТОП8 Әлемнің ең мықты 8 қол күрес шеберлері жекпе-жегінің бірінші кезеңі сәуір айында Малайзияның Кучинг қаласында өткен болатын. Ол кездесуде шардаралық Қыдырғали Оңғарбаев поляк балуаны Алекс Курдечаны 5:1 есебімен жеңіп, қазақ елінің мерейін үстем еткен еді