ТҮРКІСТАН: Шардаралық түлектер көпбалалы анаға баспана сыйлады

0
1 859

Көпбалалы ана осы уақытқа дейін үй жалдап келген.


ТҮРКІСТАН: Шардаралық түлектер көпбалалы анаға баспана сыйлады

Түркістан облысы Шардара ауданы, Қоссейіт ауылдық округінде тұратын жалғызбасты 4 баланың анасы Есболатова Нұргүл Бекжанқызы 1983 жылы туған мектеп түлектерінің демеушілігімен баспаналы болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2000 жылы мектеп бітіруші түлектер 20 жылдық кездесулерінде туған ауыл тұрғынына қамқорлық жасап, көпбалалы анаға 3 бөлмелі тұрғын үйдің кілтін табастады. Сондай-ақ, тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Игі шараға ауыл әкімі мен билері де мұрындық болған.

Қоссейіт ауылында жыл сайын ізгі іс жасау үрдіске айналып отыр. Ізгіліктің шапағатын көріп, өз үйінің табалдырығын аттаған Нұргүл Бекжанқызы көмек қолын созған барша азаматтарға алғысын білдірді.