Шардара жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген
Шардарада 20 жыл бұрынғы мектеп түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Шардара қаласындағы Шардара жалпы орта мектебін 2006 жылы бітірген 1988 жылы туған түлектер мұқтаж отбасыға жаңа баспана сыйлады.
Қайырымдылық шарасына аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратунов қатысып, өз сөзінде «Бүгінгі игі істеріңіз — бір әулетке ғана емес, тұтас қоғамға үлгі. Жомарттық — байлықпен емес, жүрекпен өлшенеді. Осындай ауызбіршілігі мықты, кеңпейілді азаматтар барда елдің бірлігі де, берекесі де арта береді», — деп тілегін жеткізді.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары жомарт жандарды аудан әкімі Арман Қарсыбаевтің атынан Алғыс хатпен марапаттап, арнайы сый-сияпат табыстады.


