Бүгінде Испандық ғалымдармен бірлескен жұмыс барысында Серғазы Ережепұлының жетістіктері таныстырылып, диссертациялық зерттеу бойынша сұрақтар мен одан әрі жасаланатын жұмыстар талқылануда.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң философия және саясаттану факультетiнiң II курс докторанты, шардаралық Серғазы Құдайбергенов Испан елінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Шетел университеттері негізінде заманауи зерттеу әдістері мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби салада ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге докторанттардың қабілеттілігін қалыптастыру мақсатындағы 1998 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы Мәдениет, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Серғазы бүгінде Испан елінде шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Қыркүйек – желтоқсан айлары аралығында Мадридте өтетін ғылыми тағылымдамада Серғазы Құдайбергенов «Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен трансляциялаудағы музейдің рөлі»тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Мадрид Автономдық университеті мен Комплутенсе университетіндегі шетелдік ғылыми кеңесшілер шардаралық жас ғалымға «Thomson Reuters» ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, «Scopus» журналдарында мақалаларды жариялауға, статистикалық өңдеу әдісін таңдауға және мәліметтерге талдау жасауға қолғабыс етуде. Бүгінде Испандық ғалымдармен бірлескен жұмыс барысында Серғазы Ережепұлының жетістіктері таныстырылып, диссертациялық зерттеу бойынша сұрақтар мен одан әрі жасаланатын жұмыстар талқылануда.
Айта кетейік, жастайынан ғылым жолына ден қойған Серғазы Құдайбергенов 1992 жылы Шардара қаласында дүниеге келген. «М.Әуезов» атындағы жалпы орта мектебiнде бiлiм алған ол 7-9 сыныптарды №3 мамандандырылған мектеп-интернатында оқыды. Жоғары сыныпқа көшкеннен соң қайтадан «М.Әуезов» орта мектебiне барып, оқуын жалғастырады. Ұлттық бiрыңғай тест сынағында өз күшiмен жоғары балл жинап, грантқа қол жеткiзген Серғазы Ережепұлы Алматы қаласындағы қара шаңырақ «Әл-Фараби» атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң студентi атанады. Мұнан кейiн мәдениеттану бойынша магистратураны тәмамдаған жас маман докторантурада бiлiмiн одан әрi жалғастырып келедi.
Үстiмiздегi жылдың мамыр айында мәдениет және өнер қызметкерлерiнiң күнiне орай «Алтын глобус» халықаралық бiлiм мен ғылым және мәдениеттi дамытудың оқу-әдiстемелiк, ғылыми-инновациялық академиясы ұсынған ҚР бiлiм және мәдениет саласындағы үздiк қызметкерлердiң «Алтын кiтап» атты республикалық энциклопедиялық жинағына енгенi және бiлiм саласында жеткен нәтижелi жетiстiктерi мен үздiк қызметi үшiн шардаралық жас ғалым «Үздiк жас маман» төсбелгiсiн иеленген.