«Түркістан-Шәуілдір» жолын жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады

0
631

Кемшіліктер бойынша тапсырмалар жүктеді.


«Түркістан-Шәуілдір» жолын жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданындағы бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады. Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.


Құрылыс басында мердігер мекемелердің басшыларымен кездескен Дархан Сатыбалды бұл жолдың құрылысын уақтылы аяқтаудың, сапасына аса мән берудің маңыздылығын айтып, кемшіліктер бойынша тапсырмалар жүктеді.


Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүгізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС және «Отау-строй» ЖШС атқаруда. «Түркістан-Шәуілдір» жолын қайта құру жобасы 4 кезеңмен жүзеге асады. Жолдың ұзындығы 60 шақырымнан асады. 2022 жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда.