ТҮРКІСТАН: Созақта ойын алаңшалары пайдалануға берілді

0
105

Игі шара барысында ауыл бүлдіршіндеріне балмұздақтар таратылды.


ТҮРКІСТАН: Созақта ойын алаңшалары пайдалануға берілді

Созақ ауданында балаларға арналған ойын алаңшалары пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе, Сарыжаз елді мекендерінде балаларға арналған кіші футбол алаңы мен ойын алаңшалары ел игілігіне пайдалануға берілді.


Жаңа нысандардың ашылуына аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтап, енді ойын алаңқайларында ауыл бүлдіршіндері спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстауына мол мүмкіндік беретінін атап өтті.


«Балаларымыздың амандығы мен қуанышы біздің басты байлығымыз. Бүгін пайдалануға берілген спорт және ойын алаңшалары ауылдың көркін ғана емес, келешек ұрпақтың денсаулығын нығайтуға да қызмет етеді. Алдағы уақытта да елді мекендеріміздің инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады»,– деді аудан басшысы.


Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.


Игі шара барысында ауыл бүлдіршіндеріне балмұздақтар таратылды.

Бөлісу