ТҮРКІСТАН: Созақта жөнделген жедел жәрдем бекеті пайдалануға берілді

0
646

Жаңа бекетте 4 желілік жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.


ТҮРКІСТАН: Созақта жөнделген жедел жәрдем бекеті пайдалануға берілді

Созақ ауданында күрделі жөндеуден өткен жедел жәрдем бекетінің ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы С. Қожанов көшесінің бойынан Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем беру станциясына қарасты №7 жедел жәрдем бекеті ашылды.


Күрделі жөндеуден өткен нысанның ашылуында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласы бойынша алда атқарылар міндеттерді баяндады. Адам өмірі мен оның денсаулығына бағытталған жұмыстар қашанда басты назарда екенін айтып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да еселене түсеріне сенім білдірді.


Шараға арнайы келген Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев бұл сала бойынша өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жоспарларымен бөлісті.


Аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев және жоғары санатты ардагер хирург-дәрігер, Шолаққорған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы Бүркіт Арынбеков шараға жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.


Айта кетейік, жаңа нысан дәрі-дәрмек сақтайтын қойма, жедел жәрдем және диспечер бөлмелелерімен қамтылған. Ғимарат ауласы қоршалып, қызметтік көлік тұрақтары қарастырылған. Жаңа бекетте 4 желілік жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.