ТҮРКІСТАН: Созақтағы тазалық шарасына екі мыңнан астам адам қатысты

0
171

16 арнайы техника жұмылдырылған.


ТҮРКІСТАН: Созақтағы тазалық шарасына екі мыңнан астам адам қатысты

Созақта өткен тазалық шарасына екі мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Созақ ауданында барлық ауылдар мен елді мекендерде "Бүкіләлемдік тазалық күніне" орай сенбілік өтті.


Аудан орталығы Шолаққорған ауылында тұрғындар 144 көшеге тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, шараға қатысушылар саябақтар мен ішкі көшелерді ретке келтірді. Сонымен қатар, "Шымкент-Созақ" бағытындағы жолдар мен айналма жолдың бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Ауыл сыртындағы сай-сала мен су өткізгіш құбырлар да қоса қамтылып, ауылдардың аумағы абаттандырылды. Бірқатар бөлімдер мен мекемелер "Шолаққорған - Түркістан" бағытындағы “Жасыл белдеу” аумағына жұмылдырылды. Онда өскен шөптерді отап, тал көшеттердің түптері әктелді.


Сенбілік жұмыстарына 2 250-ге жуық түрлі мекеме қызметкері және белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Жалпы 16 арнайы техника жұмылдырылып, 23 шақырым көше бойлары мен 13 шақырым аяқ жолдар ретке келтірілді. Бұдан бөлек, өзен-көлдер мен арықтардың 11 шақырымы тазаланып, арнайы орынға 145 тонна қоқыс тасымалданды.