ТҮРКІСТАН: Созақтық депутат көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

0
689

Үйсіз жүргеніне 4 жыл болған.


ТҮРКІСТАН: Созақтық депутат көпбалалы отбасыға баспана сыйлады

Созақтық депутат көпбалалы анаға баспана тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Созақ ауданына қарасты Қарағұр ауылының тұрғыны Мақпал Тұрсынбаеваның үйсіз жүргеніне 4 жыл болды. Бүгінде көпбалалы ана 4 баланы жалғыз өзі асырап отыр.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай кәсіпкер, «Nur Otan» фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бағлан Сүгірбаев жалғызбасты анаға 5 бөлмелі үйдің кілтін табыс етті. Үймен қамтамасыз еткен кәсіпкер азаматқа ауыл тұрғындары да дән риза.


«Тұрмыс тауқыметін тартып жүрген жанға көмек қолын созу – біздің азаматтық парызымыз», – дейді Бағлан Қанжарұлы.


Айта кетейік, бүгінде Созақ ауданында 200-ден астам көпбалалы ана үй кезегінде тұр.