ТҮРКІСТАН: Спорт, туризм, білім саласында оң өзгерістер орын алмақ

0
800

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


ТҮРКІСТАН: Спорт, туризм, білім саласында оң өзгерістер орын алмақ

Түркістан облысында спорт, туризм және білім беру саласын дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің ұйымдастыруымен Түркістан облысында спорт, туризм және білім беру саласын дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шараға университет ректоры М. С. Мырзамадиева, Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қ.Ж. Жолдықараев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ж. Б. Момынқұлов қатысып, қоғам үшін өзекті болып саналатын салалардағы кемшіліктер мен жетістіктерді таразылап, оларды дамыту жөніндегі келелі ойларын ортаға салды.

сөз алған университет ректоры университеттің жеткен жетістіктері мен оқытушылардың біліктілігін алға тарта отырып, ынтымақтастықтың берік боларына сенім білдірді. Кездесуде сөз алған ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Ж. Б. Момынқұлов Түркістан облысының еліміздің туризімін дамытуда алатын орыны ерекше екендігін атап өтті. Осы себепті Түркістан облысында туризмді дамыту үшін білікті мамандар даярлаудың қажеттілігі туындаған. Аталған мәселені шешу үшін ынтамақтастық негізінде білікті мамандар даярлап шығару қолға алынбақ. Шара соңында Түркістан облысы әкімдігі, Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Түркістан облысы бойынша филиалы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.